Skip to content

12 шілде күні балалар “Ойын. Ұлттық ойындар” деген тақырып аясында…

12 шілде күні балалар “Ойын. Ұлттық ойындар” деген тақырып аясында спорттық ойын түрлерімен танысты. Ұлттық ойындар туралы білетіндерін ортаға салды. Асық, асық ойынының түрлерімен, тоғызқұмалақ сияқты т.б ойындар туралы ақпарат алды. Өздеріне қандай ойындар ұнайтыны туралы әңгімеледі.
13 шілде күні мамандықтар туралы пікір алмасты. Әлемдегі қызықты мамандық туралы бейнебаян тамашалап, өздері болашақта қандай маман иесі болғысы келетіндері туралы ой қозғады. Қызықты мамандықтар ішінен пингвиндерді аударушы, арал қараушысы және панда күтуші мамандықтары қызу талқыға түсті.
14 шілде күні Металлургтер күніне орай ашықхат жасады. Осы кәсіби мерекеге орай өз тілектерін жазып, қаламызда осы мереке қалай аталып өтетіні туралы әңгімелесті. Металлург мамандығының қыр сырымен танысып, зауытымыз туралы да пікірлесті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *