1992 жылғы 4 маусымда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусымда Қазақстанда мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің символы ретінде ерекше құрметтеледі, оларға жоғары мәртебе беріледі. Сондықтан Республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі-әрбір қазақстандықтың борышы.
Бүгін, 2025 жылғы 4 маусымда сағат 11.00-де”№4 ЖББМ” КММ ұжымының,”Акватика” мектеп жанындағы лагерінде демалып жатқан жазғы мектеп оқушылары мен студенттердің орындауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
