2022 жылдың 11 қараша күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және қала мектептерінің оқушылары арасында пікірталас қозғалысын дамыту және насихаттау мақсатында қалалық пікірталас турнирі өткізілді. Турнирге қала мектептерінің қазақ лигасында 10 команда және орыс лигасында 6 команда белсенді қатысты. Турнир барысында жас спикерлер келесідей қарарлар бойынша өз пікірлерін білдірді:
1. Б.П. ҚР-дағы аниме-сайттарды бұғаттайды
2. Б. П. Жол көлік оқиғасынан зардап шегетіндердің санын азайту механизмін ұсынады.
3. Б. П. Соңғы жүзжылдағы үздік ұрпақты көрсетеді (бейби бум,тыныш,Х,У,Z).
4. Б. П. Қазақстанның дамуын шектеп тұрған негізгі факторды көрсетеді.
5. Б. П. Әскери сарбаздар арасында өлім-жітімнің басты себебін көрсетеді.
Қорытынды бойынша:
Орыс лигасы:
І орын- «Жігер» фракциясы (ЖББ№ 4 мектеп)
Қалалық турнирдің қорытындысы бойынша орыс лигасынан «Жігер» командасы облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!