5.01.2023г прошёл городской конкурс снежных фигур в котором мы заняли 1 место. Слепили из снега зайчика символ 2023 года он получился очень большим и красивым из всех школ наш снежный зайчик был большим.Зайка расположен на территории дворца школьников имени Ағыбай батыра. Может пойти и посмотреть в живую.
Қыс мезгілінде балалардың дене шынығуына, таза ауада тыныстауына және бос уақытын тиімді өткізу үшін пайдалы іс-шаралардың бірі қардан мүсін жасау. 2023 жылдың 5 қаңтар күні «Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен қалалық «Шеберлер қалашығы» атты қардан мүсін жасау байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қала мектептерінің «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасылары мен Мектеп Парламентінің президенттері белсене қатысты. Қар мүсіні байқауы оқушыларға қуанышты көңіл- күй, іскерлік, ынтымақшыл орта қалыптастырды. Балалар қардан тек аққала ғана емес таңғарларлық қайталанбайтын түрлі мүсіндерді жасады. Байқау қорытынды бойынша:
І орын – ЖББ №4 мектеп
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 мектеп
ІІ орын – С Сейфуллин атындағы №7 м/г
әл-Фараби атындағы ЖББМ
КАМИ
ЖББ №9 мектеп
ІІІ орын – ЖББ №1 мектеп
А.Ермеков атындағы м/л
Абай атындағы №2 м/л
Б.Момышұлы атындағы ЖББМ
Қатысқаны үшін – ЖББ №24 м/и.
