18 наурыз – ұлттық киім күні, ата-бабамыздан қалған мұраны дәріптейтін ерекше күн. Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Әр ою-өрнек пен тігіс ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің мәнін көрсетеді. Бүгінде ұлттық киім заманауи сәнмен үйлесіп, күнделікті өмірде де қолданысқа еніп келеді. Өскелең ұрпақ үшін ұлттық киімді құрметтеу – өз болмысын тану мен мәдениетін сақтау жолы.
#біртұтас_тәрбие
#18наурызұлттықкиімкүні
