8 маусым "Күншуақ" тобы қалыпты етістіктерді іс – әрекетпен көрсете отырып, есте сақтады. Олармен өткен тақырыптар бойынша жай сөйлемдер құрастырды. "Сымсыз телефон" ойынында етістіктерді сыбырлап айтып, соңындағы оқушы әрекетпен көрсетті. Қалалық саябаққа барып ойнады. Қимылды көрсете жүріп, қазақ тіліндегі баламаларын есте сақтауға тырысты.
