Skip to content

Бүгін “Күншуақ” тобында білгірлер сайысы өтті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды.…

Бүгін "Күншуақ" тобында білгірлер сайысы өтті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Олар: "Қазақша сөйлесейік!", "Жалғасын тап!", "Полиглот", "Есімдер", "Сыңарын тап!". Сайыс кезеңдерінде берілген шағын диалог қазақ тіліне аударылды, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты, бос орынға қойылған сөздерді екі тілге аударды, мақал-мәтелдердің орысша баламасын іздеп тапты. Сондай – ақ, айтылған орысша сөздер арқылы қазақ есімдерін тауып, көрсетті. Сайыс қызықты болды. Сайыстан соң, оқушылармен аллеяға барып, сурет салғызып, ашық аспан аясында шағын көрме ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *