Жақсылық-адамның көңілін көтеріп қана қоймай, қуанышқа бөлейтін әсерлі сәттердің бірі. Жақсылық дегенде кез-келген адамның қуанышты күлкісі езуіне келіп,тек жақсы жағдайлар мен жақсы істерді,жақсы сөздерді ойлайтыны рас. Жақсылық — адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын жалпы ұғым. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы орайда 2023 жылдың 30қаңтары мен 2 ақпаны аралығында «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен қалалық «Жақсылық жасауға асығайық» атты қашықтықтан эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- оқушылардың жақсылық құндылығы туралы ой-өрістерін кеңейту, жақсылық жасауға тәрбиелеу. Байқауға жалпы 26 жұмыс ұсынылды, белсене қатысқан оқушылар электронды мадақтамалармен марапатталды.
Жалпы білім береті №4 мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Туткышбаева Дана 2 орын
Морозова Светлана 3 орын
Муслымова Дарина 1 орын
Чуйкова Василиса 1 орын
Кравченко Дарья 3 орын
Кенжетаева Амина 3 орын
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@okushylar_saraiy_balkhash
