Skip to content

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және қала мектептерінің оқушылары…

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және қала мектептерінің оқушылары арасында мектеп пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында 2021 жылдың 14-15 желтоқсан аралығында Оқушылар сарайында дебат турнирі ұйымдастырылды. Турнирге қала мектептерінің қазақ лигасында 10 команда және орыс лигасында 7 команда белсенді қатысты. Турнир барысында жас спикерлер қарарлар бойынша өз пікірлерін білдірді:
1. Б.П. «Тiger parenting»-ді қолдайды. «Тiger parenting» -ата-аналардың өз балаларын мектептік және академиялық жетістіктерге жету мақсатында қатал және қатты талаптар қою арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбиелік әдіс кейде балалардың қоғамдық ,психологиялық және эмоцианалды қалыптасуына әсер етеді.
2. Б.П. Қазақстан Республикасындағы ең үздік "Әлеуметтік лифт" жүйесін көрсетеді.
3.Б.П. Әкімдер сол аймақта туып өскен тұлға болуы қажет деп есептейді.
4.Б.П.Тәуелсіздіктің ең үздік жетістігін көрсетеді.
5.Б.П. Күшті жасанды интеллекттің дамуы жақсыға қарағанда көбірек зиян келтіреді деп есептейді.
Турнир қорытындысы бойынша:
Орыс лигасы:
1 орын – «Alikhan Generation» (№15М/Л)
2 орын – «Жігер» (№ 4ЖББМ)
3 орын – «Новое поколение» (№ 10 ЖББМ)
3 орын – «Импровизация» (№ 1 ЖББМ)
«Үздік спикер» – Бағдат Әлиби (15 М/Л).
Біздің Жігер командамызды 2 орынмен құттықтаймыз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *