В ОШ 4 языковой школе “TilTime” для будущих первоклашек
было проведено занятие на тему «Учимся считать на казахском языке». Целью занятия было познакомить учащихся с числами от 1 до 10 на казахском языке, развивать устную речь, память и внимание.
В ходе урока дети в игровой форме изучили числительные, слушали и повторяли за учителем, участвовали в интерактивных упражнениях, таких как счёт предметов, загадки и песенки. Использовались наглядные материалы и аудиозаписи, чтобы создать интересную и увлекательную атмосферу.
Учащиеся проявили активность и интерес, с лёгкостью запомнили новые слова, старались произносить их правильно. Занятие способствовало формированию положительного отношения к изучению казахского языка и развитию коммуникативных навыков.
Балқаш қаласы жалпы білім беретін 4 мектебінде «TilTime» атты тіл үйренуге арналған сабақтар топтамасы ұйымдастырылуда.Болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған
«Қазақ тілінде санауды үйренеміз» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларды 1-ден 10-ға дейінгі сандармен таныстыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілетін және зейінін дамыту.
Сабақ барысында балалар ойын түрінде сан есімдерді үйреніп, мұғалімнің артынан қайталап айтты, түрлі интерактивті тапсырмаларға қатысты: заттарды санау, жұмбақтар шешу және ән айту. Қызықты әрі тартымды атмосфера құру үшін көрнекі материалдар мен аудиожазбалар қолданылды.
Оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытып, жаңа сөздерді тез жаттап алды, оларды дұрыс айтуға тырысты. Сабақ қазақ тілін үйренуге деген оң көзқарасты қалыптастыруға және коммуникативтік дағдыларды дамытуға ықпал етті.