Skip to content

Біздің мектепте наурыз мерекесіне орай “Бауырсақ Party” атты шарасы ұйымдастырылып…

Біздің мектепте наурыз мерекесіне орай "Бауырсақ Party" атты шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Бауырсақ-бұл қазақтың ұлттық тағамы, қазақ дастарқанында ежелден орын алған күннің, бақыт пен амандықтың символы. Дәстүр бойынша, бауырсақ қонақтарды қарсы алғанда, құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде ұсынылған, сондай-ақ қазақтың тойларында, мерекелерінде дайындалған.

Мереке барысында оқушылар осы дәстүрлі тағамға байланысты әдет-ғұрыптармен танысып, оның қазақ халқының мәдениетіндегі маңызын білді, жұмбақтар шешті, мақал-мәтелдер білуде жарысты. Атмосфера жылулыққа, қуанышқа және бірлік рухына толы болды. Мұндай іс-шаралар балаларға өз халқының мәдени мұрасын тереңірек түсінуге және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге көмектеседі!
В нашей школе прошло яркое и душевное мероприятие – «Бауырсақ Party»! Баурсак – это не просто угощение, а символ солнца, счастья и благополучия, который издавна занимает почётное место на казахском дастархане. По традиции, баурсаком встречали самых дорогих гостей, преподносили в знак уважения и благодарности, а также готовили на великие праздники и торжества.

Во время праздника учащиеся познакомились с обычаями, связанными с этим традиционным угощением, узнали его значение в культуре казахского народа, отгадывали загадки, соревновались в знании пословиц и поговорок. Атмосфера была наполнена теплотой, радостью и духом единства. Такие мероприятия помогают детям глубже понять культурное наследие своего народа и передавать его из поколения в поколение!
#nauryznama2025 #біртұтас_тәрбие

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *