Кездесу барысында маман оқушыларға:
жеке шекара ұғымы және оның қауіпсіздік үшін маңызы туралы;
күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы;
қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар және оларға дұрыс әрекет ету жолдары туралы;
қауіп немесе жайсыздық туындаған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы;
ата-аналармен және педагогтармен сенімді қарым-қатынастың маңызы туралы түсіндірді.
Лекция ашық диалог форматында өтті, оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауға қатысты.
Іс-шара балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.
