Бүгін "Күншуақ" тобында білгірлер сайысы өтті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Олар: "Қазақша сөйлесейік!", "Жалғасын тап!", "Полиглот", "Есімдер", "Сыңарын тап!". Сайыс кезеңдерінде берілген шағын диалог қазақ тіліне аударылды, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты, бос орынға қойылған сөздерді екі тілге аударды, мақал-мәтелдердің орысша баламасын іздеп тапты. Сондай – ақ, айтылған орысша сөздер арқылы қазақ есімдерін тауып, көрсетті. Сайыс қызықты болды. Сайыстан соң, оқушылармен аллеяға барып, сурет салғызып, ашық аспан аясында шағын көрме ұйымдастырылды.
