Қарағанды облысының піркірсайысшылары республикалық додада топ жарды
✍ 2022 жылғы 13-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің кубогіне арналған Республикалық пікірсайыс турнирі мәресіне жетті.
Әр облыстың 160 тан астам мықтылары қатысқан Турнир қазақ, орыс, ағылшын тілінде және АПФ форматы бойынша ұйымдастырылды. Шараның салтанатты жабылуында ҚР Оқу – ағарту министрі А.Аймағамбетов жеңімпаздары құттықтап, марапат табыстады. Қарағанды облысынан 3 команда қатысқан болатын. Орыс лигасында қатысқан 20 команданың ішінен топ жарып, Қарағанды облысының Балқаш қаласының №4 жалпы білім беретін мектептің «Жігер» командасы 2 жүлделі орынды иеленді. Жеңіске жеткен командамызды және команданы дайындаған жетекші Мейрханова Мадина Жумажановнаны жеңісімен құттықтаймыз!
Біздің жас пікірсайысшыларымыз Огай Данила мен Куликова Марияны лайықты жүлделі орынмен құттықтаймыз!
