Қазақ даласында жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алыспаған.
Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Ата-бабасының есімдерін шежіреге жазып, әкесінен бастап, атасын, одан кейінгі ата-бабаларын, яғни жеті атасын жатқа айтатын болған. Олардан тараған ұрпақ бір атаның балалары деп есептелген. Жеті атадан тараған ұрпақ жеті рулы елге айналады.
Қазақ халқы ұрпағына кішкентай кезінен жеті атасын жаңылмай атауды үйреткен.