"Күншуақ" тобы жасырылған хаттар арқылы бірнеше тапсырма орындады.
"Адасқан әріптер" тапсырмасында берілген әріптерді дұрыс орналастыра отырып, сөздерді дұрыс құрады. "Шашылған дыбыстарда" берілген дыбыстармен бірнеше сөздер құрап айтты. "Кім көп біледі?" тапсырмасында берілген сөздердің бірнеше мағынасын орыс тілінде атады. "Қызық сөздерде" берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді атап, орысша мағынасын тапты. "Сандар әлемінде" 1-10 дейінгі сандар қатысқан сөздерді оқып, орыс тіліне аударып, сөздік қорларын дамытты. Жасырылған хаттарды көп тауып, тапсырмаларын орындаған топ жеңіске жетті. Оқушыларға ұнады.
