Skip to content

Мектебімізде 1 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Рақмет саған, Әліппе!» атты…

Мектебімізде 1 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Рақмет саған, Әліппе!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл мереке – оқушылардың алғашқы оқулығы Әліппемен қоштасып, оқу-білім жолындағы алғашқы үлкен белесін атап өтетін маңызды күн.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, Әліппенің білім берудегі маңызын түсіндіру, бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Оқу-білімге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, ән айтып, көріністер көрсетті. Балалар әріптерді танып, дұрыс әрі мәнерлеп оқуды меңгергендерін дәлелдеді. Мереке оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырды.
Мереке соңында оқушыларға жылы лебіздер айтылып, ата-аналар мен ұстаздардың алғысы жеткізілді.
Сынып жетекшісі: Калиланова А.С

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *