Skip to content

Мектебімізде 5 маусымнан бастап тіл алаңы өз жұмысын бастады. Оқушылардың…

Мектебімізде 5 маусымнан бастап тіл алаңы өз жұмысын бастады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 3 топ құрылды. 1 . "Күншуақ" тобы – бастауыш сынып оқушылары. Жетекшісі: Джуматаева П.М. 2. "Жұлдыздар" тобы – 5, 6 сынып оқушылары. Жетекшісі: Жүнісбекова Э.Г 3. "Қырандар" тобы – 7, 8 сынып оқушылары. Жетекшісі: Кутжанова Г.К. "Күншуақ" тобы "Доман карталары" арқылы сөздерді естеріне сақтап, олармен сөз тіркестерін құрастырып, аудармасын білді. "Тіл- асыл қазына" интеллектуалдық ойынында суреттер арқылы берілген мақал- мәтелдерді тапты. "Молекулалар" ойынында берілген нұсқау арқылы бір- бірін іздеп толықтыру арқылы сөз тіркестерін құрастырды. "Іздеп тап!" ойынында табылған оқушы бүгінгі күні есіне сақтаған сөздерін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *