Skip to content

Мектеп Парламентінің Президенттері мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер…

Мектеп Парламентінің Президенттері мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жасұландары арасында 2023 жылдың 15 ақпан күні Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық «Жаңа ғасыр, жастар көзімен» ақпараттық-насихаттау тобының байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру, инновациялық және шығармашылық қызметті дамытуда, жас ұрапақты белсендірудің жаңа жүйесі ретінде балалар мен жасөспірімдер ұйымының қызметі туралы түсініктерді кеңейту және тереңдету.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде Парламент құрылымының 8 фракция бойынша ақпарат орталықтары шығармашылық есеп баспаларын ұсынды.
Бірінші кезең «Шығармашылық есеп» бойынша:
І орын –ЖББМ №4.
Екінші кезең патриотизм фракциясы, құқық және тәртіп фракциясы, ақпарат фракциясы, спорт және салауатты өмір салты фракциясы, өзін-өзі тану және бақыт фракциясы, қамқорлық фракциясы, білім және мәдениет фракциясы, экология және еңбек фракциясы атты 8 бағыт бойынша қала мектептері үгіт – насихат топтары Мектеп Парламент Президенттері мен «Жас ұлан» ұйымының жұмыстарын қорғады.
Екінші кезең «Ақпаратты-насихаттау топтар» бойынша:
Белсене қатысқаны үшін – ЖББМ №4 марапатталды.
@obb_qaragandy
@umckrg
@bala_qorgau_uakili_krg
@okushylar_saraiy_balkhash

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *