Skip to content

Шілде айының 4 жұлдызынан бастап мектеп қабырғасында тілдер мектебі жұмыс…

Шілде айының 4 жұлдызынан бастап мектеп қабырғасында тілдер мектебі жұмыс жалғастыруда. Бірінші күні балалар амандасу этикетімен танысты. Басқа ұлттардың бір-бірімен қалай амандасатының үйренді. Тілдесімге түсу арқылы бір-бірімен әңгімелесіп, қал жағдайын сұрастыруға машықтанды. Екінші күні балалар Елордамыздың туған күніне орай Астанамыз туралы бейнебаян тамашалады. Өздеріне ұнаған ғимараттары туралы, әсем саябақтары туралы әңгімеледі. Үшінші күні “Бақыт құшағында” атты интеллектуалдық ойынға қатысып, өз білімдерін шыңдап, жаңа ақпараттармен танысты. Ойын барысында халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, аңыз әңгімелерімен, мақал -мәтелдерімен танысты. Тарихымызбен, батырларымызбен танысып, олар туралы қызықты ақпараттар алды. Сайыста логикалық, қызықты тапсырмалар да болды. Балалар жеңіске жету үшін бар білімдерін ортаға салды. Ойын нәтижесінде Ивершина Виктория жеңіске жетті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *