«Тіл – достықтың дәнекері» атты іс – шара өтті.
Мақсаты:
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, көпұлтты Қазақстанда достық пен татулықты насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Іс-шараға қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тағы басқа ұлт өкілдерінен құралған оқушылар қатысып, әр ұлттың тілін, мәдениетін құрметтеу – қоғамдағы бейбіт өмірдің негізі екенін өз өнерлері арқылы көрсете білді.
Нәтижесі:
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар тілге деген сүйіспеншілігін көрсетіп, достық пен ынтымақты насихаттады. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
#тілдеркүні
#Адал_азамат
