«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»-, деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым.Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те,ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау»,- деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасап, қанша жыл тер төгіп еңбек еткен ұстаздардың бірі -Сүлейменова Ләззәт Ансариевна.
Ұстаздың алдынан қаншама оқушылар қанаттанып,жаңа өмір белестеріне қадам басты.
Оқушыларын білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірттері.
Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретіп қана қоймай,әр түрлі сайыстарға,олимпиадаларға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздың шәкірттері қаншама!!!
Л.Ансариевна қазір құрметті демалыста. Ұстазға денсаулық,немерелерінің ортасында аяулы да сүйікті әже болып,ұзақ та ғұмырлы өмір тілейміз!!! Ұстаздар күні құтты болсын!!!!
