📣 Вакцина алғандар арасында ауру деңгейі бойынша
Коронавируспен ауырғандардың статистикасын қарасақ, 99,9%-ы вакцина алмағандар. Тек 0,1%-ы ғана вакцина алғаннан кейін ауырған. Оның саны – 20 211 адам.
Вакциналардың түріне қарай жіктесек, бірінші компонент алып ауырғандардың саны – 7 070 адам.
Оның ішінде:
🔹«Спутник V» алған 6 108 адам (0,1 пайыз). Бұл вакцинаны 5 млн 669 855 адам алған.
🔹QazVac вацинасын 172 707 адам алған. Оның ішінде 172 адам ауырған.
🔹Hayat-Vax алғандар саны – 529 349 адам. Оның ішінде 553 адам ауырған.
🔹CoronaVac екпесін алғандар арасында 218 адам ауру жұқтырған. Жалпы бұл вакцинаны алғандар саны – 249 373 адам.
Екінші компонент алғанннан кейін 13 141 адам ауырған. Бұл – 0,2%.
Оның ішінде:
🔹 «Спутник V» алған 4 млн 912 195 адамның 11 101-і ауырған.
🔹QazVac вацинасының екінші компонентін алған 113 730 адамның 231-і ауырған.
🔹Hayat-Vax алғандар саны – 472 463 адам. Оның ішінде 1 448 адам ауырған.
🔹CoronaVac екпесін алғандардың 341-і ауру жұқтырған.
©️Зәуре Ахметова, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары